Қытайда нөсер жаңбырдың салдарынан 73 адам мерт болды

БЕЙЖІҢ. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шэньси провинциясының (Солтүстік-Батыс Қытай) оңтүстігінде болған нөсер жауынның салдарынан 73 адам мерт болды, тағы 121 адам хабар-ошарсыз кетіп отыр, деп хабарлады провинцияның жергілікті өкіметі.

Қытайда нөсер жаңбырдың салдарынан 73 адам мерт болды

Шілденің 14-інен бері Шэньси провинциясының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, тау жыныстарының опырылуы мен сел тасқынын туғызды. Табиғат апаты қалалардың 1,77 млн. тұрғынының қалыпты өмірін бұзды. Зардап шеккен аудандарда 42 мың құрылыс нысандары бүлінді, 106,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын су басты, тікелей экономикалық шығын 3 млрд-қа жуық. юаньға бағаланып отыр.