Қытайда нөсер жауыннан 7 мыңнан астам адам шұғыл эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан 7 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СИНЬХУА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Провинцияның Су шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сенбі күнгі сағат 8:00-ден бастап жексенбі күнгі 8:00-ге дейін Сычуань провинциясының солтүстік-шығыс бөлігі, соның ішінде Бачжун, Наньчун және Дачжоу қалаларында нөсер жауын жауып, жолдарды су басқан, жергілікті бірнеше өзенде су мөлшері жоғары деңгейден асып кеткен.

Табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар