Қытайда нөсерлі жауыннан 26 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігі, оңтүстік-батысы мен орталық аймақтарында бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жаууда, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Қытайда нөсерлі жауыннан 26 адам қаза тапты

ҚХР азаматтық әкімшілік министрлігінің мәліметтері бойынша, Фуцзянь, Цзянси, Хунань, Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу, сонымен бірге Гуанси-Чжуанс автономдық ауданы мен орталыққа бағынатын Чунцин қаласында нөсерлі жауыннан 4,9 млн. адам зардап шекті, 337 мың тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілді. Табиғи апат 8 мың тұрғын үйді қиратып, 66 мыңына зақым келтірді.

Жалпы су тасқынынан келген экономикалық залал 4,08 млрд юаньді құрады.