Қытайда оба індетіне байланысты қала карантинге жабылды
БЕЙЖІҢ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі өкпе оба індетіне байланысты тұтас қаланы карантинге жапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Аса қатерлі індет ҚХР-дың солтүстік-батысындағыЦинхай провинциясындағы 10 мың халқы бар Цзыкэтань қаласында орын алған. Обадан екі адам қайтыс болды, ауырған 10 адам тіркелді.