Қытайда өлген нәрестенің денесіне кенеттен жан кірді
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда 9 айлық Сяохао есімді нәрестені дәрігерлер көз жұмды деп тіркеген болатын. Бірақ оның өлі денесін гуандундық крематорийлардың бірінде өртер алдында ол ойда жоқта тіріліп кетеді. Шара кезінде денесіне жан біткен Сяохао тәтесінің қолынан ұстаған.
Мүмкін оның ата-анасы бұл өмірде бұдан асқан бақытты сәтті сезінбеген болуы керек. Дегенмен ең үлкен әсерді оның тәтесі алды. Баланың атасы Май Тинфанның сөзіне қарағанда, ол нәресте мәйітінің үстіне басын салып, Құдайға жалбырынып жатқан көрінеді. Сол сәтте о дүниелік болған бала тіріле кеткен.
«Мен ол кезде Сяохаоға қайта жан бітіп, оның нәзік қолының жылуын тағы бір сезінуімізді тілеп жатқан болатынмын», - дейді есін әзер жиған тәтесі.
Нәресте үйдегі баспалдақтан құлап, басынан қатты жарақат алған болатын. Қанша тырысқанмен дәрігерлер оның өмірін сақтай аламаған және оның жан тәсілім еткенін хабарлауға мәжбүр болыпты.
Қазіргі уақытта Сяохао қытайлық провинциалардың бірінде ауруханада ем алуда. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оның денсаулығы жақсы.