Қытайда «Оңтүстіктің суын солтүстікке жеткізу» жобасы бойынша күніне 5 млн.адамды таза сумен қамтамасыз ететін зауыт салынды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасының оңтүстігінде алғашқы ірі көлемді елдің оңтүстігінен солтүстігіне жіберілетін суды тазалайтын зауыт салынды деп хабарлайды, жергілікті БАҚ аталған кәсіпорынның инженерлік бөлімінің басшысы Чжан Чжоцянға сілтеме жасай отырып.
«Гогунчжуан зауыты жұмыстың сынақ режімінен өткен және Бейжіңге «Оңтүстіктің суын солтүстікке жеткізу» жобасы аясында жеткізілетін суды тазартуға дайын» - деді ол өз сөзінде.
Оның айтуынша, зауыт күніне шамамен 5 млн. адамды қамтамасыз ететіндей 500 мың куб.су тазартады. Айта кетейік, Бейжің - су тапшылығы бар әлем қалаларының бірі. Тұрғындар саны 20 млн.нан асады, ал су пайдалану көлемі 3.6 млрд. куб м.
Янцзыдан ҚХР солтүстігіне су жіберуді қамтамасыз ететін«Оңтүстік-солтүстік» жобасы әрбірінің ұзындығы 1300 шақырымдық шығыс, орталық және батыс каналдарының құрылысын жоспарлап отыр. Бұл каналдар арқылы елдің солтүстіктегі құрғақ аймақтарына 44,8 млрд.куб.м. су жіберу мақсаты бар. Жобаны 1952 жылы Мао Цзедун ұсынған, 2002 жылы ғана ҚХР (МемКеңес) мақұлдаған. Барлық жұмыс көлемі 50-60 жыл болды.
Қытай астанасы орталық канал арқылы Хубей провинциясындағы Ханьшуй өзеніндегі Даньцзянкоу су қоймасынан су тартылмақ.