00:28, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Қытайда «Өрмекші адам» дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуанчжоу қаласында 4 аяғы, 4 қолымен туған 13 күндік балаға ота жасалды, деп хабарлайды қытайлық БАҚ. Дәрігерлер баланың артық аяқтары мен қолдарын алып тастады. Жергілікті БАҚ «Өрмекші адам» деп атаған сәби қазір ауруханада жатыр, жағдайы жақсы.
Дәрігерлердің айтуынша, негізі әйелде сиам егіздері тууы керек еді, алайда егіздің сыңары дамымай қалып, жатырда деформацияланып, оның аяқтары мен қолдары екінші балаға жабысып туған. Ота сәтті аяқталды, баланың жағдайы қазір жақсарды, дейді мамандар.