Қытайда орыс қызы мен қазақ баласының махаббаты туралы фильм түсірілуде

 АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың Буыршын ауданында «Буыршын аңызы» көркем фильмін түсіру жұмыстары ресми түрде бастау алды.

Қытайда орыс қызы мен қазақ баласының махаббаты туралы фильм түсірілуде

Бұл жайлы Қытайдағы Алтай ақпарат торабы хабарлап отыр. Бұл туралы BAQ.KZ жазады.

«Буыршын аңызы» атты бұл фильмге Ресейден ата-анасымен еріп Буыршынға келген кішкентай орыс қыз Инна мен қазақ баласы Баянның арасындағы достық, сүйіспеншілік арқау бола отырып, XX ғасырдың елуінші жылдарындағы Қытайдағы қазақ өмірі сомдалады. Фильмге қытайдың әйгілі әртісі И Жушың және басқа да белгілі әртістер түседі екен.

 Шыңжаң телеарнасы, Шыңжаң кино компаниясы мен Шанхай Широ мәдениет компаниясы бірлесіп түсіретін «Буыршын аңызы» осы жылдың соңына дейін көрерменге ұсынылады деп жоспарланыпты.