16:04, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Қытайда өтетін Азия чемпионатына Қазақстан боксшылары толық құрамда қатысады
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусымның 7-16 күндері Қытайдың Жухай қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Дамир Буданбеков жаттықтыратын ел құрамасы соңғы оқу- жаттығу жиынын қазір Гуанжу қаласында өткізіп жатыр. Команда бастығы Қайрат Манашовтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға қазақстандық боксшылар толық құрамда қатысады. Онда ел намысын қорғау - Біржан Жақыпов (48 кг), Олжас Сәттібаев (51 кг), Міржан Рақымжанов (54 кг), Мақсат Оспанов (57 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Омар Тәшенев (64 кг), Серік Сәпиев (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (75кг), Данияр Елеусінов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычкоға (+91 кг) сеніп тапсырылып отыр.