Қытайда парламенттің тұрақты комитетінің жаңа төрағасы сайланды

БЕЙЖІҢ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қытай коммунистік партиясы ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжан Дэцзян қытайлық парламенттің жаңа басшысы болып сайланды.
None
None

Сайлау 12-ші шақырылымдағы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының (ХӨБКЖ, жоғары заңнамалық орган) 1-ші сессиясының төртінші пленарлық отырысында өтті.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Бейжіңде қытайлық парламенттің жылсайынғы сессиясының аясында ҚХР-дың жоғары мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарға дауыс беру өтуде.

ХӨБКЖ-ның тұрақты комитетінің төрағасын, оның орынбасарларын сайлаудан бөлек, ҚХР төрағасын, оның орынбасарын және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасын сайлау өтеді.

Соңғы жаңалықтар