Қытайда полиция бөліміне шабуыл жасаған 13 содырдың көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) белгісіз біреулер Қашқар округінде орналасқан полиция бөліміне шабуыл жасады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қытайда полиция бөліміне шабуыл жасаған 13 содырдың көзі жойылды

Қытайдың орталық телеарнасы хабарлағандай, шабуыл салдарынан 3 полиция қызметкері жараланған.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қытай соты 81 адамды терроризмге қатысы бар деп айыптап, үкім шығарған болатын.

Деректер бойынша, шабуыл белгісіз біреулер мінген көліктің полиция бөліміне соғылуынан басталған. Артынша жарылыс орын алған. Сақшылар бірден шабуылдың бетін тойтаруға кірісіп, 13 террористің көзін жойған.