Қытайда пойыз рельстен шығып, тұрғын үйді бұзып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Тағы біреуі із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.

 Қытайда пойыз рельстен шығып, тұрғын үйді бұзып кетті

Қазіргі уақытта құтқарушылар бұзылған үйдің астынан жоғалған зейнеткерді іздестіріп жатыр. Тергеушілердің айтуынша, локомотив қосымша жолға тоқтауы тиіс болған. Тергеу амалдары басталып кетті.