Қытайда рапс гүлдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда көктем лебі сезіле бастады. Юньнань провинциясында 6 мың гектар жердегі рапс гүлдеп, оны қызықтаған туристер көбейді, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Бұл жерді саяхаттаушылар «сары теңіз» деп атап кеткен. Көкжиекке дейін созылып жатқан сары алқап тамашалауға келген туристер үшін таптырмас жер.

Жергілікті билік те көктемнің осы бір шуақты сәтін сәтті пайдаланып, түрлі шаралар ұйымдастырады. Ал Гуйчжоу провинциясында өрік ағаштары гүлдеп жатыр. Оған барушылар да ертегі әлеміне тап болғандай әсер алып, суретке түсіп мәз.

«Біз Цинхай провинциясында рапстың гүлдегенін тамашалап, басқа жерде мұндай әдемі көрініс болмайтын шығар деп ойлаған едім. Бірақ қателесіппін, дәл осы жерде мен қайталанбас сурет түсірдім деп ойлаймын», дейді турист Гао Шиуфу.

Соңғы жаңалықтар