12:48, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Қытайда салмағы 6,7 келі алып бала туды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Шэнси провинциясындағы Сианда Дасин ауруханасында Канг Канг есімді баланы кесір тілігімен алды, деп жазды Quibbll.com.

Дәрігерлердің болжамынша, баланың салмағына 37 жастағы анасының жүктілік кезінде гастациялық сусамырмен зардап шеккені әсер еткен. Дәрігерлер баланың ірі болып туатынын болжаған, бірақ дәл бұлай болады деп күтпеген.
58 см боймен, 6700 келі салмақпен дүниеге келген сәби - қалыпты нормадан екі есеге жоғары. Алайда баланың денсаулығы мен өзін-өзі сезінуі жақсы. Десе де ата-анасына баланың диетасын қадағалауға тура келеді, себебі нәрестеде қан қысымы көтеріліп, қанында холестерин көбейіп кетуі ықтимал.
Әкесі қатты қуанып, балаға Канг Канг есімін берді, қытайша ол «денелі» деген мағынаны білдіреді.