07:10, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Қытайда салынып жатқан ғимарат құлап, 17 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайдың Хэнань провинциясында салынып жатқан ғимараттың құлауы салдарынан құрбан болғандар саны 17 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.
Қытайдың Орталық телевидениесі сенбі күні хабарлағандай, тағы 23 адам жарақат алған. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, ғимараттың құлау себептері туралы әзірге айтылмады.