Қытайда сауда орталығында қылмыскер 16 адамды пышақтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Цзилинь провинциясындағы Яньцзи қаласында 1989 жылы туған ер адам сауда орталығында екі адамды бауыздап, 14 адамды пышақтады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 15-20 -да болған. Полиция қылмыскерді тұтқындады, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.