Қытайда селден 10 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде Гуанси-Чжуан автономдық ауданында болған толассыз жауын салдарынан болған апаттан 10 адам көз жұмып, 192,4 мың тұрғын үйсіз қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайда селден 10 адам көз жұмды

Аталған аймақтарда жауын-шашын бірнеше күн қатарнынан тоқтаусыз жауған. Жергілікті билік 11 мыңнан аса адамды қауіпсіз жерлерге көшірді.

Ауа райының қолайсыздығынан кейбір елдімекендер жарықсыз қалды.