Қытайда шахта опырылып, 50-ден астам адам үйінді астында қалды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында көмір шахтасы опырылып, ондаған кенші тұзақта қалып қойған. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.

Қытайда шахта опырылып, 50-ден астам адам үйінді астында қалды

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында түстен кейін болған. Салдарынан 50-ден астам адам үйінді астында қалып қойды.
Жергілікті уақытпен сағат 17:22-дегі жағдай бойынша үш адам құтқарылды.
Оқиға орнына іздестіру-құтқару топтары жіберілді.


Фото: depositphotos.com