Қытайда шахтада болған жарылыс құрбандарының саны 35 адамға жетті

АСТАНА.  Қыркүйектің   8-і. ҚазАқпарат -  Қытайдың  орталығындағы Хэнань     провинциясында    көмір шахтасында  болған   жарылыс  құрбандарының саны 35  адамға жетті,
None
None

 деп хабарлайды  Синьхуа агенттігі.

Шахтада жергілікті  уақыт  бойынша сағат 01.00-де,     забойда    93 адам болған  кезде  газ  жарылысы  орын алған.   Бұған дейінгі ақпараттарда,  14 адамның      жедел  жер үстіне көтерілгені  хабарланған болатын,  осылайша,    қазір    44 адамның  тағдыры белгісіз болып  отыр.

«Синьхуа-4» шахтасына    жақын орналасқан Пиндиншань  қаласының  партиялық  комитет өкілінің  ақпараты  бойынша,       жөндеу   жұмыстарын  жүргізу  үшін шахтадағы  жұмыстар уақытша тоқтатылған.    Онда  көмір  өндіруге  тыйым  салынған.

Соңғы жаңалықтар