Қытайда шахтада болған жарылыстан 4 адам опат болды, 4-еуі із-түзсіз жоғалған
СИАНЬ.Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында көмір шахтасында газ атылып, 4 адам қаза тапты, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Апат сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13.00 шамасында провинцияның Тунчуань қаласындағы Цяоцзылян көмір өнеркәсібі компаниясының шахтасында болды. Шахтадағы 42 жұмысшының 34-і сыртқа шығып үлгерген.
Құтқарушылар апат салдарынан мерт болған төрт кеншінің мәйітін тапты.
Құтқарушылардың жұмыстарын жалғастыруы үшін мамандар газ шығару жүйесін жөндеп, желдету, электр және тасымалдау жүйесін қалыпқа келтірді.