Қытайда шахтада қаза болғандардың саны 37 адамға жетті

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Қытайда жарылыс болған шахтада қалып қойған барлық 37 шахтердің өлі денелері табылды, деп хабарлайды Utro.ru басылымы.

Қытайда   шахтада   қаза болғандардың саны 37 адамға жетті

Соңғы бес кеншінің денелерін құтқарушылар жер астынан бүгін алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі, қазанның 16-сы күні Қытайдың Хэнань уәлаятындағы Юйчжоу қаласында Pingyu Coal & Electric Co. Ltd компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болған еді. Оқиға кезінде шахтада 276 адам болған, олардың 239-ы ғана аман қалып отыр.