19:48, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қытайда шахтада үйінді астында қалған сегіз кеншінің тірі екені анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Шаньдун провинциясында үйінді астында қалған 8 шахташының тірі екені анықталды.

Құтқарушылар оларды әзірге босата алмай отыр, бірақ олармен байланысқа шығып, қажетті азық-түлік жіберді. Енді 9-ы іздестірілуде, деп хабарлады Би-би-си .
Шаньдун провинциясындағы шахтада 25 желтоқсанда тау жыныстары опырылып құлаған. Себептері әзірге белгісіз. Ол кезде бір адам қаза тауып, төртеуі аман қалғаны хабарланған.
Екі күннен кейін Yurong басшысы, шахтаның иесі құдыққа түсіп, өз-өзіне қол салған.
Қытай шахталары әлемдегі ең қауіптілердің біріне жатады. Соңғы жылдың өзінде апат салдарынан 900-ден астам адам қаза тапқан.