19:22, 14 Тамыз 2021 | GMT +5
Қытайда шахтадағы апат салдарынан 19 адамды үйінді басып қалды
СИНИН. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік -батысындағы Цинхай провинциясындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан бір кенші қаза тапты, 19 адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқыс оқиға Хайбей-Тибет автономиялық ауданының Гагца ауданындағы көмір шахталарының бірінде түске жақын болды. Бұл кезде 21 шахтер жұмыс істеп жатқан.
Құтқарушылардың күш -жігерінің арқасында олардың екеуі жер бетіне шығарылды. Өкінішке орай, бір кеншінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.