14:35, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қытайда шенеуніктерді «ерекше» автонөмірлерден айыратын болды
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қытайда автокөліктердің «ерекше» нөмірлерімен күрес басталды. Бұдан былай ешқандай үкіметтік шенеунік немесе ірі компанияларлың иелері қызметтік немесе жеке автокөліктерін тіркеу кезінде ешқандай «ерекше нөмір» ала алмайтын болды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «ерекше» нөмірлер беру тәжірибесі қарапайым халықтың қынжылысын туғызады екен. Осындай нөмірлі көліктерге мінген шенеуніктердің кінәсінен үлкен жол апаттары да жиі болатын көрінеді. Ондай жағдайларда әлгілер қызмет жағдайларын арқа тұтып, полицейлерге қысым көрсетеді, сөйтіп партиялық және мемлекеттік мекемелердің беделін түсіреді, дейді жаңа бастаманы көтерушілер.