Қытайда шенеунікті әуесқойлығы жарға жықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Коммунистік партиясының тәртіптік органы фотосуретке түсірумен тым әуестеніп кеткен Хэнань провинциясы әкімшілігінің басшысын партия қатарынан шығарды.

Қытайда шенеунікті әуесқойлығы жарға жықты

Партиялық орган Цинь Юхайдың әуесқойлығы шегіне жеткені соншалық, тіпті ол қызметтік міндеттерін де ұмытып кетті деген тоқтамға келді, деп жазады Би-би-си .

Шенеунік кәсіпкерлермен фотосурет конкурстарының төрешілерін сатып алуға дейін уағдаласуға барып, оларға бизнес-жеңілдіктер ұсынған деген сөз бар.

Шенеунік фотосурет түсіру шеберлігін әжептәуір меңгеріп алған, ол тіпті шетелдерде бірнеше көрме өткізіп, сыншылардың жағымды пікірлеріне де ие болған көрінеді.