Қытайда шоколадтан жасалған ойын-сауық паркі ашылады

АСТАНА.  Қыркүйектің  22-сі. ҚазАқпарат - Қытайда   шоколадтан  жасалған  ойын-сауық    паркі ашылады.   Бейжің  қалалық    өкіметі     тәтті  жегіштерге    осындай  сыйлық жасамақ, 

Қытайда   шоколадтан  жасалған  ойын-сауық    паркі ашылады

деп  хабарлайды  қытайлық   бұқаралық ақпарат құралдары.

 Мұндай шоколад паркін  ашуға  «шоколадқұмар»    қытайлықтардың   қатарының көбеюі  себеп  болып  отыр.  Келесі  жылдың  басында     бейжіңдіктер      Роальд  Дальдің   повесіндегі    сиқырлы   фабрикаға  ұқсайтын   шоколад ертегісіне сапар   жасай алады.

 Қытайлықтар «арман паркі»  деп  атап     үлгерген    ол  нысанның аумағында    шоколадтан  жасалған  Терракот  армиясын,   Ұлы Қытай  қорғанын,     әлемдік  өнердің  кейбір туындыларын     көруге  болады.

Парк  Olympic Green   ботаникалық бағының  ішінде орналасады.    «Шоколад  фабрикасы»    бес  жабық және   екі ашық павильоннан  тұрады.

 Дегенмен, жобаны   жасаушылар,     жаңа  паркте  шоколадтан   дәм татуға  болатындығы   туралы   әзірге ештеңе айтпай  отыр.   Бірақ  та,    қандай да бір жәдігерден   «дәм татқандарды»     айыппұл күтетіні  анық.