Қытайда соңғы аптада А/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың саны 6 345 адамға жетті

БЕЙЖІҢ.  Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -  2009   жылы  қазанның  26-28-і аралығында    Қытайдың    құрлықтағы бөлігінде «доңыз тұмауын»  жұқтырудың  жаңа  оқиғаларының саны 6 345-ке  жетті, 

Қытайда  соңғы  аптада А/H1N1    тұмауын   жұқтырғандардың саны 6 345   адамға жетті

деп  хабарлайды  Қытай Халық Республикасының  Денсаулық сақтау   министрлігі. 

Хабарламаға  сүйенсек,      науқастардың тек  үшеуі ғана  шетелден келгендер,  қалғандары ауруды елдің ішінде   жүріп жұқтырған.    Министрліктің  мәліметі  бойынша,  осынау  қауіпті тұмау  вирусы тарай бастағаннан  бері Қытайдың  құрлықтағы бөлігінде    42 009   науқас анықталған,  оның 30 854-і -   сауығып кеткен.  66  жағдайда  аурудың барысы ауыр  жүрген,     дәрігерлер ауыр сырқаттардың  тек 22-сін ғана емдеп, жаза алған, 4 оқиға кісі  өлімімен   аяқталған,  қалғандары әлі      интенсивті ем-дом қабылдауда.

Бейжің  денсаулық сақтау  бюросының  мәліметтеріне сүйенсек,  Бейжіңде қазанның  28-індегі  жағдай  бойынша А/H1N1  тұмауы  бойынша күрделі  жағдай  қалыптасып отыр.    Атап айтқанда,  қазанның  28-індегі жағдай  бойынша   жаңадан жұқтырылған  және зертханалық   жолмен   расталған оқиғалардың саны 400-ден асқан.

Бюро   директоры Фан  Лайиннің  айтуынша,    Бейжіңде  әдетте   тұмау маусымының шарықтау  шегі      желтоқсан  мен қаңтар айларына келетін,  бірақ  биыл   өткен жылдардағыдан  1-2 айға ерте келіп  отыр  және   індеттің  негізгі штамдарының бірі  - А/H1N1   тұмауы.

Ағымдағы  жылы  қазан айының соңына   қарай Қытайда  А/H1N1  тұмауына  қарсы   26  миллион    бірлік  вакцина   жиналып, сақтауға дайын болатынын  айта кету керек,  және  сол  кезден   бастап   тапсырыс    көлемі     100 миллион бірлікті  құрайтын  вакцинаның екінші  партиясының  өндірісі  басталмақ.