Қытайда сот түрмеде 13 жылын өткізіп, ақталған әйелге 258 мың доллар төлеуге қаулы шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Юньнань провинциясының жоғары сатыдағы халық соты кісі өлтірді деген жалған айыппен 13 жылын түрмеде өткізген әйелге 258 мың долллар көлемінде өтемақы төлеу туралы қаулы шығарды.
Цянь Жэньфэн балабақшада жұмыс істеген, онда нәресте тағамға уланып көз жұмған, тағы екі бала ауруханаға жатқызылады. Сот сол күні тағам дайындаған әйелді айғақты дәлел беруге, тағамға тышқан уын қостым деп айтуына мәжбүрлегенін қаулы етті, деп хабарлады РИА Новости.
Үкім 2002 жылы ақпанда шығарылған. 2013 жылы шілдеде Юньань провинциясының прокуратурасы істі қайта ашып, айыптың дәлелденбегені туралы тұжырымға келді. Әйел биліктен 1,45 млн доллар көлемінде өтемақы талап етті.