Қытайда су басқан көмір шахтасында 12 адам қамалып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігінде шахтаны су басу салдарынан он екі адам жер астында қалды, деп хабарлады РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік ақпаратынша, ТЖ сенбі күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 23.00 Шаньси провинциясы Цзиньчэн қаласында орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 адам жер астында қалды. Құтқарушылар оқиға орнына жетті.