Қытайда су басып қалған шахтада 26 адам қалып қойды
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Ресеймен шекаралас орналасқан қытайлық Хэйлунцзян уәлаятының су басып қалған көмір шахтасында жиырма алты адам қамалып қалды,
деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
«Хэйлунцзян» уәлаятының Цитайхэ қалалық округының Боли уезіндегі «Хэнтай» шахтасын су басу оқиғасы сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 12.00-де (Мәскеу уақыты бойынша 8.00) орын алды.
Су басқан кезде шахта ішінде 32 адам болды. Қазіргі уақытта оның алтауы жер бетіне шығарылды, қалған шахтерлерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр.