Қытайда су тасқынынан 700-ден астам тұрғын зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында толассыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласты. Оқиға салдарынан 700-ден астам тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Күннің күрт жылынуы, қардың еруі жағдайды қиындатып жіберді. Зардап шеккен аймақтағы 500-ден астам үйді су шайып кетті. Табиғи апаттан мал шаруашылығы саласы қатты зардап шегуде. Алдағы уақытқа арналған синоптиктердің болжамы да көңіл көншітер емес. Олар жуық арада аспан асты елінің солтүстік-батысындағы жағдай жақсара қоймайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар