Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Соңғы мәліметке сәйкес, 18 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде су тасқынынан 16 адамның қаза болғаны, 36 адаммен байланыс үзілгені анықталды.
Апат аймағында 6 мыңнан астам жергілікті тұрғын қалды.
Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, 17 тамыз күні кешке Синин қаласының Датун уезінде (Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы) нөсер жауын өтіп, одан орнаған су тасқыны мен көшкін өзен арналарының өзгеруіне әкелді.
Құтқару жұмыстарына 1600-ден астам адам мен 160 техника жұмылдырылды.
Бұған дейін Цинхай провинциясында (Солтүстік-Батыс Қытай) су тасқыны салдарынан кемінде 27 адам із-түзсіз жоғалып, төрт адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
Фото: dymontiger.livejournal.com