Қытайда су тасқынынан жеті адам опат болды
БЕЙЖІҢ. 15 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Чжэцзян, Цзянси, Хубэй, Хунань, Сычуань және Гуйчжоу провинцияларында болған су тасқынынан жеті адам қаза тауып, тағы жеті адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, 88 000 -ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді,
деп хабарлайды ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі.
Дүйсенбі, 13 маусымнан бастап Янцзы өзенінің ортаңғы және төменгі ағысындағы бассейндерге жауын-шашын көп жауып, Қытайдың осы аймағындағы су тақынына себепші болған.