Қытайда сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

БЕЙЖІҢ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Куньминь қаласында (елдің оңтүстік-батысындағы Юньнан уәлаятында) 24-25 қаңтар күндері Қытай Халық Республикасы - АСЕАН елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді,

Қытайда сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

деп хабарлады Қытай сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Шара Қытай-АСЕАН диалогының 20 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Кездесу барысында Қытай мен АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері тараптардың стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша пікірлер алмасады және Қытай-АСЕАН Достастық алмасу жылының тұсауын кеседі.