Қытайда тағы бір балаға шабуыл жасалды

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Қытайлық полиция мергендері дүйсенбі күні Бейжің орталығында кішкентай қызбаланы кепілдікке алған еркекті атып өлтірді.
None
None

Баланы босатпақ болған әрекеттері сәтсіз аяқталған соң, тәртіп сақшылары әлгі қылмыскерді атып өлтіруге мәжбүр болған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттары бойынша, бұл оқиғаға Шэньси провинциясынан келген 24 жастағы азамат себеп болған. Ол, Бейжіңге, Интернет арқылы танысқан әйелмен кездесуге келгенін, бірақ ол келіншектің онымен кездесуден бас тартқанын мәлім еткен. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер көшеде әкесімен келе жатқан 5 жасар қыз баланы кепілдікке алған. Оқиға орнына полицейлер жедел жеткен. Әлгі еркек олардан өзі кездескісі келген әйелге апаруды талап еткен. Олай болмаған жағдайда, балаға зақым келтіремін деп қорқытқан. Оның баланы өз еркімен жібермейтініне көздері жеткен мергендер оны атып өлтірген.

Бұл - Қытайда соңғы алты аптада балаларға жасалған бесінші шабуыл.

Соңғы жаңалықтар