Қытайда тамақ сапасын анықтайтын электронды таяқшалар пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Baidu компаниясы тамақтың қауіпсіздігін анықтайтын электронды қытай таяқшаларын жасап шықты, деп жазады ВВС.
Қытай таяқшалары тамақтың қатты ыстықтығын, дәріумендердің жеткіліктілігін анықтаумен қатар, тамақтың пайдалану, сақтау мерзімін және тамақ пісірілген майдың сапасын да анықтай алады. Өйткені, май сапасының санитарлық нормаларға сай келмейтіндігі - Қытайдағы өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар, таяқшадағы натри анықтауышы тұзды күнделікті нормадан тыс пайдаланғанда белгі береді. Таяқшадағы ақпарат wi-fi немесе Bluetooth арқылы компьютерге жолданады.