18:51, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда тәртіпсіздіктерге қатысқандар өлім жазасына кесілді
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Қытайда бес адам өлім жазасына кесілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің соты шілдедегі тәртіпсіздік оқиғасына қатысушыларды өлім жазасына бұйыру туралы үкім шығарды. Бұған дейін оның салдарынан 200-ге жуық адам мерт болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 9 адам өлім жазасына кесілген болатын.