Қытайда тайфунның салдарынан 13 адам опат болды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында Фанапи тайфуны біраз дүрбелең туғызып кетті.
Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан 13 адам мерт болды, тағы 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
Тайфун аймаққа су тасқыны мен сел алып келді. Провинцияда 350 шақты үйді су басып қалып отыр. Алдын ала бағалаулар бойынша, апат салдарынан келген экономикалық шығын 68,5 миллион долларды құрап отыр.