Қытайда теміржол желісін құрастырып жатқан 4 адам мерт болып, 14-і жарақаттанды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жұма күні Қытайдың оңтүстік -батысындағы Чэнду қаласының маңында теміржол желісін құрастыру кезінде төрт адам қаза тауып, тағы 14 адам жараланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sina порталына сілтеме жасап хабарлайды хабарлайды.

Қытайда теміржол желісін құрастырып жатқан 4 адам мерт болып, 14-і жарақаттанды

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 14: 00 -де пойыз қозғалысынан туындайтын шуды төмендетуге және ауаның ластануын болдырмауға арналған тосқауылдарды орнату кезінде орын алған.

Барлық зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.