Қытайда титанозаврдың жаңа түрі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палеонтологтар Қытайдың Ганьсу провинциясынан 100 млн. жыл бұрын өмір сүрген титанозаврлардың жаңа түрін тауып алды. Yongjinglong datangi деп аталған шегірткетектес жануардың биологиялық ерекшеліктері PLoS ONE басылымында жарияланды.

Қытайда титанозаврдың жаңа түрі табылды

Тас болып кеткен жануардың қалдықтары 2008 жылы табылған, бірақ ғалымдар оның қай түрге жататындығын таппай дал болған.

Оның тұқымын Қытай мен Пенсильвания ғалымдары бірлескен зерттеу барысында анықтады. Талдау көрсеткеніндей, аталмыш жануар динозаврлардың шегірткетектес тұқымына жататын бұрын-соңды ғылымда кездеспеген түрі болып шықты, деп хабарлайды Global Science.

Саралау барысында бұл титанозаврлардың дене бітімі 15-19 метрге дейін жеткендігі анықталып отыр.