14:28, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда төрт қол, төрт аяғы бар сәби дүниеге келді
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбек/ - Қытайдың Куаңжу қаласында төрт қол, төрт аяғы бар бала дүниеге келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдағы «Қазақ сахара» (kzsahara.cn) сайтына сілтеме жасап.
Жақында ғана өмір есігін ашқан сәбидің төрт қол, төрт аяғы болудан басқа ешқандай кемістігі жоқ көрінеді. Дәрігерлер операция арқылы баланың артық мүшелерін кесуді ұсынған.