Қытайда тұңғыш ғарышкер әйел ғарышқа аттанбақ

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қытайда ғарыш кемесі экипажының құрамына ғарышкер әйел кіреді, ол қазіргі уақытта дайындықтан өтіп жатыр, деп хабарлады РСН сайты.

Қытайда тұңғыш ғарышкер әйел ғарышқа аттанбақ

Орыс жаңалықтар қызметінің ақпаратына сәйкес, "Шэньчжоу-9" кемесін ұшыру маусымға жоспарланып отыр. Қытай басқарылатын ғарыш кемесін алғаш рет 2003 жылы ұшырған болатын.