Қытайда тұратын үш қандасымыз Азиада ойындарында бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада өтетін ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қытайда тұратын үш қандасымыз аталған елдің атынан сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайда тұратын үш қандасымыз Азиада ойындарында бақ сынайды

Бұл туралы қытайлық БАҚ өкілдері мәлім етті.

Айталық еркін күрес түрінен 65 келі салмақ дәрежесінде Ерланбек Кәтейұлы сынға түседі. Ол осыдан төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Қытай құрамасының қатарында Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.

nullЕкінші қазақ спортшының есімі -  Уәлихан Серікұлы. Ол Джакартада грек-рим күресінен бақ сынайды. Уәлихан Серікұлы 59 келі салмақта қытайдың ішкі біріншілігінде екі мәрте қола жүлдегер атанған. Ал үшінші қандасымыз - боксшы Тоқтарбек Таңатқанұлы. Ол Азия ойындарында 75 келі салмақта шаршы алаңға шығады.

 null