Қытайда туу көрсеткішінен рекорд орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда өткен жылы 17,86 млн адам дүниеге келді, деп мәлімдеді ҚХР Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу ісі бойынша мемлекеттік комитеттің өкілі  Ян Вэньчжуан.

Қытайда туу көрсеткішінен рекорд орнатылды

Бұл 2000 жылдан бергі ең жоғары туу көрсеткіші болып саналады. Салыстырмалы түрде, 2011-2015 жылдары орташа туу деңгейі 1,4 млн адам болды. Қытай билігі атап өткендей, «бір отбасы - бір бала» саясатының тоқтатылуы «өте уақтылы және өте тиімді» болған, деп атап өтеді "Би-Би-Си".

«Бір отбасы - бір бала» саясаты 1979 жылы тұрғындар санының өсуін шектеу мақсатында іске қосылған еді. Екі баласы бар отбасыларға айыппұлдар салынып, басқа да жазалау шаралары қолданылды. Нәтижесінде жұмыс жасайтын азаматтар азая бастады. Қытай билігі жұмыс жасайтындар санының кемуі,  қарттар санының күрт көбеюі оларды асырау қиындығын тудыратындығынан   қауіптенді.

Нәтижесінде, 2015 жылдың қазан айының соңында демографикалық саясатқа түзету енгізіп, отбасыларға екі баладан тууға рұқсат берді.