Қытайда Уикипедия бұғатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Уикипедия веб-ресурсына пайдаланушылардың кіру мүмкіндігін шектеді. Бұрын қытайлық нұсқасына ғана тыйым салған, енді интернет-энциклопедияға қол жеткізу мүлдем мүмкін емес. Бұған Википедияның HTTPS қорғалған хаттамасына өтуі себеп болды. Бұл ақпараттың фильтрациясын күрделендіре түсті.

Қытайда Уикипедия бұғатталды

Атап өту керек, бұрын жиындардың бірінде Уикипедияның негізін қалаушылардың бірі Джимми Уэльс шектеудің енгізілетіні жайлы хабарлаған. Ол қытайлық биліктің энциклопедияның кей беттерін сүзгіден өткізу мүмкіндігі болмайтынын айтты.

Сондықтан олар Википедияны толық пайдалануы тиіс немесе одан бас тартуы тиіс. Қытай екінші нұсқаны таңдады.

Бұл онлайн-ресурсқа алғаш рет 2004 жылы тыйым салынды. Сайтқа шамамен 12 күн кіру мүмкін болмады. Кейін қалпына келтірілді. Фото: Coby Burns / Zuma / Global Look