Қытайда ұлын 16 мың долларға сатқан жұп сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясы Цинфэн уезінің соты осы жылдың наурыз айында туған ұлын 100 мың юаньға (16 мың доллар) сатқан жұпты бостандығынан айырды.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Ресми түрде некесін қимай 2010 жылдан бері бірге өмір сүрген жас жұптың ағымдағы жылдың қаңтарында үшінші баласы дүниеге келген, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Ата-ананың екеуі де 24 жаста. Баланың тууы қаржы жағдайын қиындата түсетіндігінен қорыққан әкесі ұлын сатып жіберуді ұсынады. Наурыз айында дәрігердің көмегімен олар жергілікті тұрғынға нәрестесін 16 мың долларға сатып жіберген. Бұл оқиға туралы баланың атасы полицияға хабарлаған.

Нәрестенің әкесі 5 жылға, анасы 3 жылға бостандығынан айырылды. Анасына қатысты үкім бес жылдан кейін жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар
telegram