Қытайда ұмыт қалған бункерді сақшы 40 жыл бойы, қартайғанша күзетіп келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Гуйчжоу провинциясының тұрғыны жалғыз өзі жарты өмірін құпия нысанды күзетумен өткізген, тіпті ол нысанды жоғары қолбасшылық баяғыда ұмыт қалдырғанынан бейхабар болған.
Бұл туралы Gbtimes.com. порталына сілтеме жасап «Российская газета» жазды.
Хэ Вэньсунь атты ер адам 41 жыл бойы өзінің отбасына білдірмей, «қос өмірді» қатар алып жүрген. Күндіз үлкен отбасының отағасы болса, түнде үкіметтік бомба пананы күзеткен.
Бункер құрылысы 1975 жылы басталған. Оған жауапты болып Вэньсунь тағайындалады. Оның қарамағына 100 маман беріледі. Жұмыс құпия болғандықтан, ер адам ол жайлы туыстарына да айтпаған. Күзет тәулік бойы болу үшін ол өз үйін соның жанына салған.
1976 жылы қыркүйекте ҚХР төрағасы Мао Цзэдун қайтыс болды. Хэ Вэньсунь қарамағында жұмыс істейтіндер басқа жұмысқа ауысып, жауапты қытайлық жайында барлығы ұмытып кеткен.
Жылдар өз дегенін алатынын түсінген 87 жастағы Вэньсунь әскери комиссариатқа барып, оның күзетшілік орнына жас сарбаз алмастыру мәселесімен жүгінген. Сонда ғана басшылықтың Вэньсунь жайында ғана емес, нысан жайлы да бейхабар екені белгілі болады. Бомба пана құжатта көрсетілмеген болып шықты.