Қытайда үш адам аса қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза болды

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігінде дүйсенбі күні болған күшті жер сілкінісінен үш адам құрбан болды,

Қытайда үш адам аса қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза болды

деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.

Күші 6,6 балдық дүмпу (америкалық геологиялық қызметтің мәліметтері бойынша - 5,9) дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:45-те тіркелген, жер сілкінісінің кіндігі Ганьсу провинциясында болған. Зілзала ошағы - 20 шақырым тереңдікте, осыған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі оның тереңдігі небары 10 шақырымға жетті деп хабарлаған болатын.

Ганьсу провинциясының Миньсянь уезінің билік өкілдері жер сілкінісінің салдарынан үш жергілікті тұрғынның қаза болғанын нақтылады. Олар сонымен қатар, осы уездің көптеген елді мекендері зардап шеккенін хабарлады.