Қытайда ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

НАНЬНИН.Синьхуа-ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың оңтүстігінде China Eastern Airlines әуе компаниясы құлаған жерде апат құрбандарын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Сағат 14:00-де сирена дыбысынан кейін апат орнында жұмыс істеген қызметкерлер мен құтқарушылар қаза тапқандарды үш минут үнсіздікпен еске алды.

China Eastern Airlines әуе компаниясының Куньмин қаласынан Гуанчжоуға ұшатын Boeing 737 ұшағы 21 наурыз күні түскі сағат 14:38 шамасында Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Тэнсиан уезінде апатқа ұшырады. Борттағы 132 адамның барлығы қаза тапты. Екі «қара жәшік» табылды.


Соңғы жаңалықтар