Қытайда үйіндінің астында 3 тәуліктен астам уақыт болған ер адам құтқарылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық құтқарушылар елдің оңтүстігіндегі Шэньчжэн қаласында болған көшкіннен кейін ер адамды тапты. Абырой болғанда, ол тірі болып шықты.
Ер адам үйінділердің астында 67 сағат болған. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап, Газета.ру хабарлады
70-тен астам адам әлі де із-түзсіз жоғалған деп есептеледі.
Апат салдарынан Шэньчжэнде тұрғын үйлер құлады.